Тараздағы фосфор зауытында жарылыс болды

3026
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/img_1705.jpeg
Тараздағы фосфор зауытында жарылыс болып, жұмысшылар химиялық күйік алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл серіктестік «Қазфосфат» ЖШС-ге қарайды. Төтенше жағдай 3 тамыз күні сағат 11:30 шамасында болған.
«Сары фосфор қоймасының территориясында № 7 цехтың қара жұмысшысы Орманов Данияр және № 31 шикізат дайындау цехының аға инженері Қалдыбай Шахадияр химиялық күйік алды. Зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жұмыс кілт тоқтатылып, оқиға орны қоршалды»,—деп түсіндірді жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастарға термиялық күйіктің 2-3 кезеңі, 22% күйген деген диагноз қойылған. Жазатайым оқиғаның алдын ала себебі - қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
评论
其他材料