Алматыда барахолка маңындағы ірі өрт ауыздықталды

2544
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/img_1980.jpeg
Алматыда барахолка маңындағы ірі өрт ауыздықталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Өрт сөндірушілердің күшімен 2 250 шаршы метр аумақтағы өрт оқшауланды»,—деді басқарма.
Айта кетейік, бүгін, 12 тамызда сағат 07:16-да Алматының Жетісу ауданында Москвин көшесіндегі қоймалар өртенгенін жазған едік. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 25 техникасы, 85 адамы, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.
评论
其他材料