Шығыс Қазақстанда алғашқы қар жауды

1922
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/daed9c9f-7297-400c-bb4b-1038de63dcfa.jpeg
Қазақстанда алғашқы қар жауды, деп хабарлайды “Адырна”. Биыл алғашқы қар Шығыс Қазақстан облысында жауды. 14 тамыз күні таңертең Белуха тауының айналасын аппақ қар басып қалды. Бұл туралы Altay-pro лагері Instagram парақшасында бөлісті. "Соңғы 10 жылда қар жауғаны есімізде жоқ. Алғашқы қарды Белуха түбінде кездестіреміз", - деп жазған. 15 тамызда синоптиктер Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялаған. Түнде облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, жаңбыр, бұрқасын да күтіледі. Еліміздің өзге өңірлерінде қар мен аяз ұшқыны байқалмайды. Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қар Риддер ауданында 18 тамыз күні жауған болатын.
评论
其他材料