Қуаныш Ерғалиев ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен кетті

1902
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/ccf9df29-de2b-4f68-a762-be0a10b9a294.jpeg
Қуаныш Ерғалиев ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды “Адырна” тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада. Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Қарағанды ​​экономикалық университеті, Тулейн университеті, Гарвард университетінде тәлім алған. 2009-2014 жылдар аралығында Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді. 2019-2021 жылдары - Сүлеймен Демирел университетінің ректоры қызметін атқарды. 2021 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметін атқарды.
评论
其他材料