"Канелоның" жекпе-жегінен қайтып келе жатқан жанкүйерлер мінген ұшақ құлады

2093
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/05/kanelo.jpg
Ұшақтың ішінде 11 жолаушы және 3 экпипаж мүшесі болған
 Мексикада Bombardier Challenger 601 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости. 5 мамыр күндіз ұшақпен байланыс үзіледі. 12 сағатқа созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар апатқа ұшыраған ұшақты Коауила шатындағы таулы аймақтан тапқан. Жеке меншік ұшақтың ішінде 11 жолаушы және 3 экпипаж мүшесі болған. Мексикалық БАҚ-тың хабарлауынша, олардың барлығы қаза тапты. Ұшақ Лас-Вегастан Монтеррей қаласына ұшып шыққан. Барлық жолаушы – бизнесмен Мануэль Алехандро Сепульвед пен оның отбасы, бірнеше досы мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкобстың жекпе-жегінен қайтып келе жатқан. Еске сала кетсек, 5 мамырда Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 34 КО) пен Дэниел Джейкобс (35-2, 29 КО) жұдырықтасып, 12 раундқа созылған жекпе-жекте  "Канело" ұпай санымен жеңіске жеткен еді.
 
评论