Алматыдан 357 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«СОМЭ» сейсмикалық станциялар желісі жер асты дүмпулерін бүгін, 24 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 07:15-те тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай
357 шақырымда Қытай территроиясында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7. MPV магнитудасы - 4.2. Тереңдігі - 15 км. Сезілуі туралы ақпарат тіркелмеген.