Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Ниет ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Антикордағы дереккөзіміздің мәліметінше, Бауыржан Ниет мемлекеттік қызметкерлер үшін заңсыз деп танылған ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінген. Қылмыстық істің егжей-тегжейлері жарияланбады»,—деп жазды басылым.Айта кетейік, Бауыржан Ниет 2021 жылдың шілдесінде Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған еді.