Теңге дизайны өзгереді. Ұлттық банк жаңа ақшаның суреттерін ұсынды

5527
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/img_5307.jpeg
Қазақстанның Ұлттық банкі ұлттық валюта банкноттарының жаңа сериясын таныстырды. Ол «сақ стилінің» элементтеріне негізделген және көшпелілердің бірегей мәдениетінен қазіргі Қазақстанға дейінгі елдің мұрасын көрсетеді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Банкноттардың жаңа сериясы шығарылған сайын айналымға түседі. Номиналы 5 мың теңгелік жаңартылған дизайндағы алғашқы банкнот ағымдағы жылдың соңына дейін қолжетімді болады. “Халықаралық тәжірибеге сәйкес қауіпсіздіктің жақсартылған деңгейлерін енгізу және жалған ақша жасаудың алдын алу мақсатында банкноттардың дизайны кезең-кезеңімен жаңартылуда. Сондай-ақ еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын танымал ету маңызды элемент болып табылады”, деп атап өтті Ұлттық банк. Жаңа банкноттарды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, өзгерту және айырбастау үшін қабылдау талап етіледі. Ұлттық Банк ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың параллель айналыс мерзімін 1 жылға белгілейді, қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Параллель айналыс кезеңі аяқталғаннан кейін барлық банктер мен «Қазпочта» АҚ ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі банкноттарға 3 жыл ішінде, Ұлттық банк филиалдары - мерзімсіз айырбастайды. Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда ұлттық валюта және қаржыгерлер күні. Биыл теңгенің айналымға шыққанына 30 жыл толып отыр.
评论
其他材料