Бүркітші қыздың отбасы Қазақстанға көшіп келді

2276
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/165e8006-d584-4d5e-8c5c-ba7cbe0d4d06.jpeg
Бүркітші қыз” атанған қандасымыз Айшолпанның отбасы Қазақстанға көшіп келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.  «Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы С. Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4-курста оқимын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын», - деді Айшолпан Kazinform тілшісіне берген сұхбатында. Сондай-ақ отандасымыз бүркіт баптау өнерін тастамағанын айтты. «Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. Себебі оқудан қол тимейді», - дейді бүркітші қыз. Еске салсақ, 2018 жылы қарашада бүркітші Айшолпан туралы фильм шыққан болатын. Ал 2019 жылы Моңғолия композиторы жерлесіміздің құрметіне өз туындысын арнады. Сондай-ақ 2022 жылы бүркітші Айшолпан туралы ағылшын тілінде кітап шықты.
评论
其他材料