Ауа-райының нашарлауына байланысты Қазақстанның үш облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазавтожолға сілтеме жасап.
Жамбыл облысында– 1 учаске 1. “Алматы-Ташкент-Термез” 159-238 км Кенен а. - Қайнар а. – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел) Қостанай облысында– 1 учаске 1. “Жезқазған-Петропавл” 252-335 км, Ұлытау обл.шек. -Аркалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) Ұлытау облысында– 1 учаске 1. “Жезқазған-Петропавл” 137-252 км, Ұлытау к. -Қостанай обл. шек. – 115 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс) Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 375 бірлік арнайы техника және 536 жолшы жұмылдырылғаны атап өтілді.“Адырна” ұлттық порталы