Үш облыста республикалық маңызы бар жолдарға шектеу қойылды

1805
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/4906d320-e240-4319-91aa-fed119caa25b-960x500.jpeg?token=67a7afe9b06c2476489e3e2d5a0cc255

Ауа-райының нашарлауына байланысты Қазақстанның үш облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазавтожолға сілтеме жасап.

Жамбыл облысында– 1 учаске 1. “Алматы-Ташкент-Термез” 159-238 км Кенен а. - Қайнар а. – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел) Қостанай облысында– 1 учаске 1. “Жезқазған-Петропавл” 252-335 км, Ұлытау обл.шек. -Аркалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) Ұлытау облысында– 1 учаске 1. “Жезқазған-Петропавл” 137-252 км, Ұлытау к. -Қостанай обл. шек. – 115 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс) Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 375 бірлік арнайы техника және 536 жолшы жұмылдырылғаны атап өтілді.

“Адырна” ұлттық порталы

 
Comments