10 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 6:41-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6. Магнитудасы MPV 4.2. Қазақстан Республикасының аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ.“Адырна” ұлттық порталы