10 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 6:41-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6. Магнитудасы MPV 4.2.
Қазақстан Республикасының аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ.
“Адырна” ұлттық порталы