Алматыда 25 ақпан күні сағат 10:16 шамасында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасы хабарлады. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,3. Магнитудасы MPV 5,9. Тереңдігі 10 км. Алматыда 3 балл деңгейінде сезілді.“Адырна” ұлттық порталы