40 жыл жөнделмеген. "Қазавтожол" республикалық жолдарды жаңғыртпақ

1807
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/0cf823b2-2e55-4b6a-b731-2279ae342e3f-960x500.jpeg?token=ebfc7b6c68f990d1abfc266ca2702931

«ҚазАвтоЖол» Қызылорда облысындағы 40 жыл жөндеу көрмеген республикалық автожолдарға жаңғырту жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Курсивке сілтеп.

Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңартылып жатыр. Оның жалпы ұзындығы – 412 шақырым.
 
"Тас жолдың Қызылорда облысына тиесілі телімін қайта жаңарту жұмыстары алты учаскеге бөлінген. Қазір бес учаскеде жұмыс жүріп жатыр. Бүгінде жолшылар 24-127 шақырым учаскесінде құнарлы жер қабатын алу, айналма жолдарды салу, жабынды терең қопсыту және қолданыстағы жол жабынын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал 127-216 шақырым учаскесінде айналма жолмен көлік қозғалысын қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. Бұл автожолдағы жұмыстар кезең-кезеңімен 2022 жылы басталған", – делінген хабарламада.
Қызылорда облысына қарасты автожол учаскесіндегі қайта жаңарту жұмыстары толық 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда.  
评论
其他材料