Теңіздегі төбелес бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

6625
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/07/ten-1.jpg

Бірқатар күдікті бар, олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Теңіздегі жағдайға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
– Дене жарақатын салу мен бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды, – деді ол.
Оның сөзінше, әрбір қылмыс құрамы бойынша нақты қатысушылар бар. – Бір күдікті ұсталды, тағы бірнеше адам күдіктілер тізімінде бар. Әрқайсысының жауапкершілігі қатысуына байланысты анықталады, – деп нақтылады министр. – Қанша адам жауапқа тартылады? – Нақты қанша адам екенін әзірге айта алмаймын. Тергеу аяқталған соң айтамын. – Теңізде полицейлердің араласуымен шетелдіктерді әкетіп жатқан видео жүр. Ол рас па? – Ешкімді әлі әкеткен жоқ, олар жұмыс істеп жатыр.
评论
其他材料