«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойды.
Жүзеге асырылатын меморандум аясында Батыс Қазақстан облысында Қордың қаржы ресурстары есебінен жергілікті атқарушы органдар ұсынған үлгілік жоба негізінде 114 тұрғын үй салынады.
Үйлер келесі елді мекендерде салынады:
- Жымпиты ауылы-49 үй;
- Бұлдырты ауылы - 25 үй
- Өлеңті ауылы - 38 үй;
- Жетікөл ауылы-1 үй;
- Жаңақоныс ауылы-1 үй.