Қазақстандық стендап-комик қамауға алынды

1403
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438

Қазақстандық стендап-комик Нұрасхан Басқожаев қамауға алынды. Ер адамға ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады»,—делінген хабарламада.

Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

评论
其他材料