Ойы жетім, бойы жетім,
Уа, Әли!
Ел ағасы, Қыр баласы,
Уа, пәлі!
Мағжан [1. 63 б.]
ХХ ғасырдың басындағы қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жердің болашағын, тілінің талқыға түскен тағдырын, сана мен дәстүрдің тұтастығын сақтау үшін қалың елдің жауапкершілігін мойынына жүктеп, басын бәйгеге тіккен тұлғаларымыздың бірегейі – Әлихан Бөкейхан. "Жұрт үшін түс көрмей, ояу жүріп ізденген", қалың елдің рухани көсемі атанған Әлихан Бөкейханның көптеген беймәлім еңбектері баспа беттерін көріп, жалпы оқырманның назарына жарияланып жатыр. Дегенмен, ғалымның тың еңбектері әлі де зерттелуде. Осы тұрғыдан алғанда Алаш арысының публицистикасына баса назар аударғанды жөн көріп отырмыз. Шыны керек, ұлт көсемінің есімін тек тарих саласында көптеп көретіндіктен бе, осы тұсымен ғана байланыстырып келдік. Алайда, Әлиханның публицистика саласына да сіңірген еңбегінің теңіздей телегей екендігін әлихантанушы-ғалым Сұлтан Хан Аққұлы тайға таңба басқандай етіп дәлелдеп береді: "Алаштың ұлы Әлихан өзінің мақала-очерктерін 30-дан астам бүркеніш есімімен (псевдонимімен) жариялады. Олардың көпшілігін орыс тілінде пайдаланды. Қазір оның 1930 жылдардың ортасына дейін француздардың ықпалды "Фигаро" газетінде жарияланып тұрғаны туралы тың мәлімет анықталу үстінде.
Өзінің ғұмырында Әлихан төңкеріске дейін 4 газет, оның үшеуі орыс тілінде: "Иртыщъ", "Омичъ" және "Голосъ степи" газеттеріне өзі редактор болса, қазақ тілінде тұңғыш жалпыұлттық "Қазақ" газетін ұйымдастырды. Төңкерістен кейін қазақ тілінде "Темірқазық" және "Шолпан" журналын шығарып, 1925 жылдан бері шыға бастаған "Жаңа мектеп", "Әйел теңдігі" және "Сәуле" журналдарын алуға мұрындық болды" [2. 7-бет]. Жалпы, Әлиханның басылымдарда жарық көрген туындылары бүркеншік есімдермен жарияланып отырған. Солардың арасында "Қыр баласы" деген лақап ат көптеген пайдалы дүниелердің жарыққа шығуына себепкер болды. Тіпті, бұл есімі азан шақырып қойған атынан да асып түсіп, баршаға мәшһүр болған екен. "Қыр баласы" жөнінде әлихантанушы: "Әлиханның бүркеншек есімдерінің осы күнге дейін анықталғаны 30-дан асып жығылады. Олардың басым көпшілігін қазақ публицисі орыс тіліндегі публицистикасында қолданды. Санаулысы ғана, нақтырақ айтсам – "Қыр баласы" – "Сын степей" және "V" деген екі бүркеншек есімін ғана екі тілде қатар пайдаланды", - деп бұл есімнің тағы бір ерекшелігін көрсетеді. [2. 10- бет]. Расымен де, Әлихан жайында дерек іздестіргенімізде "Қыр баласы" есімі қоса аталатыны, мақалаларының соңынан көптеп кездестіретініміз жалған емес. Алаш көсеміне арналған XV томдық жинақты қолыма алып, санамды ғана билетпей, жүрегіммен ұғына түскенімде тағы бір ғажап дүниеге тап болдым. Ол – ұлт қайраткерінің аударманы да назардан тыс қалдырмай, газет-журнал беттеріне жариялап отырғандығы. Соның ішінде ерекше көзге түскені – "Жетпіс жеті мысал" болды. Біз ұлт көсемі Ақымет Байтұрсынұлының мысал аударумен айналысқанын анық білгенімізбен, Әлиханның бұл қырынан хабардар емес едік. Сондықтан, бұл мысалдар жөнінде баса назар аударып жазғанды жөн көрдік. Мысалдар С. Аққұлының Әлиханға арнап басылған жинағының XII томында көрсетілген. "Қыр баласы" деген лақап атпен берілген "Жетпіс жеті мысал" жинағы 1925 жылы Мәскеу қаласында "Кеңес Одағындағы елдердің Кіндік баспасында" жарық көрген екен. Л.Н.Толстой мен Эзоптан және Үнді мысалдарынан қазақшаға аударылған еңбек VII бөлімнен тұрады:
I
ЭЗОПТАН
- Көк кептер мен құмырсқа. 24. Бақшашы мен балалар.
- Бүркіт пен тасбақа. 25. Қасқыр мен тырна.
- Күзен. 26. Қояндар мен бақалар.
- Арыстан мен тышқан. 27. Әкесі мен балалары.
- Өтірікші. 28. Түлкі.
- Ат пен есек. 29. Құл есек пен тағы есек.
- Ұзақ пен көк кептер. 30. Бұғы.
- Қатын мен тауық. 31. Ит пен қасқыр.
- Арыстан, аю, түлкі. 32. Маса мен арыстан.
- Ит, әтеш, түлкі. 33. Ат пен иелері.
- Ат пен атшы. 34. Шал мен ажал.
- Арыстан мен бақа. 35. Арыстан мен түлкі.
- Құмырсқа мен инелік. 36. Бұғы мен мейіз ағашы.
- Тауық пен алтын жұмырт қа. 37. Мысық пен тышқан.
- Арыстанның терісін киген есек. 38. Қасқыр мен ешкі.
- Тауық пен қарлығаш. 39. Ағаш пен қамыс.
- Бұғы мен лағы. 40. Екі жолдас.
- Түлкі мен мейіз. 41. Қасқыр мен қозы.
- Жұмысшы қатындар мен әте ш. 42. Арыстан, қасқыр, түлкі.
- Балық пен балықшы. 43. Арыстан, есек, түлкі.
- Түлкі мен теке. 44. Кісі мен пері.
- Ит пен сурет. 45. Қарға мен түлкі.
- Тырна мен аист.
- Жыланның басы мен құйрығы. 56. Сұңқар мен әтеш.
- Жіңішке жіп. 57. Піл мен қасқыр.
- Енші үлесі. 58. Сепле, балықтар, шаян.
- Маймыл. 59. Пері мен меруерт.
- Маймыл мен бұршақ. 60. Соқыр мен сүт.
- Сауын сиыр. 61. Қасқыр мен садақ.
- Үйрек пен ай. 62. Тордағы құстар.
- Шаң басқан қасқыр. 63. Патша мен сұңқар.
- Амбар астындағы тышқан. 64. Патша мен пілдер.
- Ең тәтті алма. 65. Дүниеде жамандық неден?
- Суды неге төгесің? –деп сұрады.
- Мен меруерт жоғалттым, сонан соң теңізді төгіп жатырмын, -деді.
- Енді қашан тоқтайсың? - деп пері сұрады.
- Теңізді тауысып құрғатқанда тоқтаймын, - деді.
- Қасқыр мен аңшылар. 72. Қоян мен тазы
- Екі кісі. 73. Емен мен жаңғақ.
- Кісі мен ат. 74. Жұмыртқа басқан тауық пен балапандар.
- Екі ат. 75. Ерлі-қатынды бөдене.
- Балта мен ара. 76. Сиыр мен теке.
- Ит пен аспазшы. 77. Түлкінің құйрығы.
- Бөкейхан Әлихан. Шығармалары – Сочинения / Әлихан Бөкейхан. – Толықт. Екінші бас. Құрастырушы: Сұлтан Хан Жүсіп (Аққұлы). – Астана:»Сарыарқа» баспасы.Т.XI. – 2016. – Қазақша, орысша. –576 бет.
- Бөкейхан Әлихан. Шығармалары – Сочинения / Әлихан Бөкейхан. – Толықт. Екінші бас. Құрастырушы: Сұлтан Хан Жүсіп (Аққұлы) . – Астана:»Сарыарқа» баспасы.Т.V. – 2016. – Қазақша, орысша. –616 бет.
- Бөкейхан Әлихан. Шығармалары – Сочинения / Әлихан Бөкейхан. – Толықт. Екінші бас. Құрастырушы: Сұлтан Хан Жүсіп (Аққұлы). – Астана:»Сарыарқа» баспасы.Т.XII. – 2016. – Қазақша, орысша. –568 бет.
Жансая СМАН
"Адырна" ұлттық порталы