АҚШ сайлауы. 70 миллионнан астам адам мерзімінен бұрын дауыс бергені анықталды

1519
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/img_9201.jpeg
5 қарашада АҚШ-та өтетін сайлауға 70 миллионнан астам америкалық азамат мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы TACC-қа сілтеп. Бұл ақпаратты Флорида штатының университеті жариялады. Есептерге сәйкес, АҚШ-тың 70 053 286 тұрғыны мерзімінен бұрын дауыс беру құқығын пайдаланған. Олардың 37,4 миллионнан астамы сайлау учаскелерінде тікелей дауыс берсе, 32,6 миллионға жуығы пошта арқылы дауыс берді. АҚШ-та тіркелген сайлаушылар саны шамамен 168 миллионды құрайды. Мерзімінен бұрын дауыс бергендер ең көп тіркелген штаттар – Техас (7,9 млн), Флорида (7,3 млн) және Калифорния (6
相关新闻

млн). 2024 жылғы 28 қазанда АҚШ-тың қазіргі басшысы Джо Байденнің де президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс бергені белгілі болды. Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, ол дауыс берер алдында шамамен 40 минут кезекте тұрған. АҚШ-та кезекті жалпы сайлау 5 қарашада өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына республикалық партия өкілі Дональд Трамп пен демократ Камала Харрис таласады. Трамп 2017-2021 жылдары АҚШ-тың 45-президенті болған, ал Харрис АҚШ-тың вице-президенті қызметін атқарады. Айта кетейік, президент Джо Байден сайлауға алдын ала дауыс берген еді.
评论
相关新闻
其他材料