5 қарашада АҚШ-та өтетін сайлауға 70 миллионнан астам америкалық азамат мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы TACC-қа сілтеп.
Бұл ақпаратты Флорида штатының университеті жариялады.
Есептерге сәйкес, АҚШ-тың 70 053 286 тұрғыны мерзімінен бұрын дауыс беру құқығын пайдаланған. Олардың 37,4 миллионнан астамы сайлау учаскелерінде тікелей дауыс берсе, 32,6 миллионға жуығы пошта арқылы дауыс берді.
АҚШ-та тіркелген сайлаушылар саны шамамен 168 миллионды құрайды. Мерзімінен бұрын дауыс бергендер ең көп тіркелген штаттар – Техас (7,9 млн), Флорида (7,3 млн) және Калифорния (6 млн).
2024 жылғы 28 қазанда АҚШ-тың қазіргі басшысы Джо Байденнің де президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс бергені белгілі болды. Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, ол дауыс берер алдында шамамен 40 минут кезекте тұрған.
АҚШ-та кезекті жалпы сайлау 5 қарашада өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына республикалық партия өкілі Дональд Трамп пен демократ Камала Харрис таласады. Трамп 2017-2021 жылдары АҚШ-тың 45-президенті болған, ал Харрис АҚШ-тың вице-президенті қызметін атқарады.
Айта кетейік, президент Джо Байден сайлауға алдын ала дауыс берген еді.
Related news
The new mayor of Astana announced the deadlines for the completion of the LRT construction in the capital
