Қазақстан тағы 270 миллиард теңге қарыз алады

1261
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/562be84b-74d8-4ff4-9ef6-e511d33d679d-960x500.jpeg?token=5b8afb8d4cf36d2e2ccb49b19e56ea92
Қайта құру және даму жөніндегі халықаралық банк Қазақстанға 11 жылға қарыз береді. Бұл туралы заң жобасын Мәжіліс депутаттары қарауға қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, Қазақстан мен Қайта құру және даму жөніндегі халықаралық банк арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Үкіметтің 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен енгізілген. Келісім 2024 жылғы 11 қазанда Астанада жасалған.
"Қайта құру және даму жөніндегі халықаралық банктің қарызы Қазақстан Республикасына 84,9 миллиард иен (шамамен 270,8 миллиард теңге) сомасында 11 жыл мерзімге беріледі. Қарыз қаражаты ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттің бекітілген тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады", – деді Татьяна Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.
Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды дайындайды.
评论