Ведомстволық наградаларды ретке келтіру керек – Қарин

1513
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/590e1968-4ced-4ba1-a75c-5b144bf70af5-960x500.jpeg?token=2a9a82f354b7edbc090ac14c3b20e887

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Комиссия отырысында Мәдениет және ақпарат министрінің, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің есебі тыңдалды. Қатысушылар ведомстволық марапаттар жүйесін, мемлекеттік рәміздерді қолдану және пайдалану тәртібін реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мәселелерін қарастырды. Жиын барысында республикалық комиссия бірқатар мемлекеттік органның жаңадан үш ведомстволық награда енгізу жөніндегі ұсынысын қолдамады. «Ведомстволық наградалар саласын ретке келтіру керек. Біріншіден, ведомстволық награда түрлерін көбейтудің қажеттілігі жоқ. Қайта оны
相关新闻

терең зерделеп, марапаттарды оңтайландыру керек. Екіншіден, әрбір мемлекеттік орган үшін ведомстволық наградалардың квотасын белгілеу қажет. Үшіншіден, орталық мемлекеттік органдар басшыларының ведомстволық наградалар саласына қатысты жеке жауапкершілігін арттырған жөн», – деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші. Ерлан Қарин мемлекеттік, ведомстволық және қоғамдық марапаттар саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқанына назар аударды. Тиісті заңдарға түзету енгізу туралы ұсыныстар қазіргі уақытта Парламенттің қарауына жолданған. Жиынды қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші мемлекеттік рәміздер, марапаттар және геральдика саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.
评论
相关新闻