Ресей елінде аналарға берілетін бірреттік «Ана капиталы» 2021 жыдан бастап өсірілетін болды. Бұған дейін Ресейде екінші баланы өмірге әкелген аналардың үкіметінен алатын бірреттік «ана капиталы» 453026 рубль болса, бұл сома 2021 жылы 470241 рубль болып өсетін болды. (Теңгеге шағып көрсеңіз қомақты сома)
- Сол тәрізді Жапония үкіметі де «Бала капиталын» 2020 жылдан бастап өсіретіндіктерін мәлім етті. Енді 2020 жылдан бастап жапондардың екінші баланы өмірге әкелген аналары ай сайын жәрдемақы ретінде 500 евро жалақы алып отыратын болды.
- Ресей елі 2020 жылы зейнетақы қорынан жағдайы төмен аналардың әлеуметтік жағдайын шешу мақсатында тағы да қаржы бөлетін болды. Бұған дейін көрші ел аналарының жоқ-жітігін түгендеу мақсатында зейнетақы қорынан 2017 жылы 312 млрд рубль, 2018 жылы 325 млрд рубль бөлген болатын.
Қарлығаш Зарыққанқызы
"Адырна" ұлттық порталы