Қаржы пирамидалары қазақстандықтарға 20 млрд теңге шығын келтірген

1119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/izobrazhenie_2023-11-22_122352984-960x500.png?token=04a02761effa6f585b3fc5ae9ef67dbb

Елімізде қаржы пирамидалары 20 млрд теңге шығын келтірді. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелген.

«Жыл басынан бері ҚМА 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді. Жалпы биыл жыл басынан бері ғаламтор желісінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылған. Шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған»,—делінген хабарламада.

ҚМА жыл басынан бері қаржы пирамидасының белгісі бар 10,5 мыңнан аса сайт сілтемесін бұғаттаған. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға және өз ақшаларын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауды ескертті.

评论
其他材料