АҚШ-тың 22 штаты Трамптың азаматтық беру құқығын шектеу туралы жарлығына қарсы шағымданды

1214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/img_9201-960x500.jpeg?token=48eb1193078bc5ea6ad8bb93eded165c
АҚШ-тың 22 штатының бас прокурорлары және Сан-Франциско қаласы мен Колумбия округі президент Дональд Трамптың азаматтық алу құқығын шектеуге бағытталған жарлығын бұғаттауды талап етіп, сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Америка даусына" сілтеме жасап.  Инаугурация күні президент жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес келесі айдан бастап АҚШ аумағында дүниеге келген аналары елде заңсыз жүрген немесе иммиграциялық визасы жоқ, ал әкелері АҚШ азаматы немесе тұрақты резидент болып табылмайтын балалар автоматты түрде азаматтық алмайды. Массачусетс пен Нью-Гэмпширдегі мигранттардың құқықтарын қорғайтын бірнеше үкіметтік емес ұйымдар да Трамптың жарлығын конституцияға
相关新闻

қайшы деп тануды талап етіп, сотқа шағым түсірген. Істі қарағандар жыл сайын АҚШ-та ата-анасы ел азаматтары емес шамамен 150 000 бала дүниеге келетінін атап өтті. Олар бұл жарлық жүзеге асырылған жағдайда балалардың медициналық көмекке қолжетімділігінен айырылып, депортация қаупіне ұшырауы мүмкін екенін ескертті. Ақ үй өкілдері сот процестеріне дайын екендіктерін мәлімдеді. Президент Трамп жарлыққа қол қою кезінде азаматтық алу құқығын "ойға қонымсыз" деп атады. "Көптеген шетелдіктер осы норманы пайдаланып, АҚШ-қа келіп бала туып, азаматтық алу мүмкіндігін іздейді," – деді ол.
评论