Ақтөбеде оқушының автобус еденін жууға мәжбүр болғаны туралы ақпарат расталмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желілерде №19 бағыттағы автобустың жүргізушісі билетсіз жүрген оқушыны салонды тазалауға мәжбүрлегені жөнінде ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылып, полиция тергеу жүргізді. Алайда тексеру нәтижесінде мұндай фактілердің расталмағаны белгілі болды. "Ақтөбе қаласындағы № 19 бағыттағы автобустар "Автопарк" ЖШС-не тиесілі. Полиция осы шағым бойынша маршруттың жүргізушілеріне қатысты мұқият тергеу жүргізді. Тексеру нәтижесінде оқушының еден жууға мәжбүр болғандығы туралы ақпарат расталмады. Бұл ақпарат жалған. Автобус жүргізушілерінің міндеті — жолаушыны белгіленген аялдамаға қауіпсіз жеткізу", – деді Ақарыс Тілеулесов. Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураның араласуын талап еткен еді. Бірақ жүргізілген тергеу бұл ақпараттың негізсіз екенін көрсетті.其他材料

Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз