АҚШ Өзбекстандағы мақта саласына бөлінген грантты тоқтатты

338
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/24d17671-5940-4a73-92ab-f479453f1734-960x500.jpeg?token=ad57d5acabd5c52962bb93746a6ad761
АҚШ еңбек министрлігі шетелдік көмекке бөлінген 38 миллион долларлық гранттарды жойды, оның ішінде Өзбекстанның мақта өнеркәсібіне қатысты жоба да бар. Бұл туралы министрліктің басшысы Лори Чавес-Деремер мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Министрдің айтуынша, бұл қаржы АҚШ-тың ішкі басымдықтарына қайта бағытталуы тиіс. Жойылған жобалардың ішінде "Өзбекстанның мақта өнеркәсібінде ашықтық пен есептілікті арттыру" бағдарламасы да бар. Бұл жобаға 2022 жылы 2 миллион доллар бөлінсе, 2025 жылы тағы 1 миллион доллар бөлу жоспарланған
相关新闻

еді. Бағдарлама 2022 жылдың тамыз айында басталып, 2026 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс болған. Оның басты мақсаты - еңбек жағдайларын жақсарту, мәжбүрлі еңбекті жою, халықаралық еңбек стандарттарын енгізу. Алайда жоба АҚШ-тың жаңа саяси басымдықтарына сәйкес жабылды. Politico басылымының мәліметінше, АҚШ үкіметі жалпы сомасы 27 миллиард долларды құрайтын 5300-ден астам халықаралық гранттар мен келісімдерді жойды. Бірақ АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне сәйкес келетін 900-ге жуық бағдарламаға қаржыландыру жалғасады.о
评论
相关新闻
其他材料