Түркияда жаппай наразылық. Анталиядағы туристерге қонақүйден шықпауға кеңес берілді

1381
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/img_7631-960x500.jpeg?token=9e8aa60a73b9f37600e2756af8f753a7
Түркиядағы жаппай наразылық салдарынан Анталияда туристерге қонақүйлерден шықпауға кеңес берілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, 250 адам ұсталып, 6 белсенді қамауға алынған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Наразылық 20 наурыздан бері жалғасып келеді. Оған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлұның тұтқындалуы себеп болды. Ол – алдағы президенттік сайлауда Ердоғанның басты қарсыласы саналады. Қаржылық жағдай да күрделене түсті – түрік лирасы бір күнде 14,5%-ға құнсызданып, кейін қайта тұрақталғанымен, қазіргі бағамы алдыңғы деңгейден 6%-ға төмен. Ресейлік және шетелдік туристерге Түркиядағы жағдайды жіті бақылап, демалысқа қатысты қауіпсіз шешім қабылдау ұсынылады. Ыстамбұлға баруды жоспарлағандар үшін март пен сәуір айларында сапардан бас тарту ұсынылады, себебі қала орталығында көше қозғалысы шектеліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
评论
其他材料