Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылып жатқан жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Биыл жалға берілген пәтерлерде тұрып жатқан 2 000-нан астам жастың бес жылдық жалдау мерзімі аяқталады.
Бағдарлама жастар үшін үлкен мүмкіндікке айналды: олар төмен бағамен пәтер жалдап, осы уақыт ішінде өз баспанасына бастапқы жарна жинай алады.
Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы жастарға қолдау көрсету мақсатында, өңірлік деңгейде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар аясында арнайы квота бөлінді.
«Отбасы банк» арқылы ұсынылатын жеңілдетілген несие шарттары төмендегідей:
- Бастапқы жарна: 10%
- Жылдық мөлшерлеме: 5%
- Ең жоғары сома: 20 млн теңгеге дейін
- Несиелендіру мерзімі: 19 жылға дейін
- Астана: 677 өтініш
- Алматы: 708 өтініш
- Шымкент: 488 өтініш
- 262 адам қазірдің өзінде баспана иесі атанды (Астанада – 231, Алматыда – 31)
- 316 жас өзіне қолайлы тұрғын үй іздеп жатыр