Таиландқа визасыз кіру мерзімі қысқарды

1261
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/img_4760-960x500.jpeg?token=b403e3244b1073f7fcb0ea0fac10f628

Таиландта шетелдіктер үшін визасыз режим 60 күннен 30 күнге қысқартылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы елдің мемлекеттік департаменті мәлімдеді.

"Премьер-министр Чинават Пэтонгтарн шетелдіктердің кейбірі заңды бұзып жатқанын – мысалы, елде болу мерзімін асырып немесе заңсыз жұмыс істеп жатқанын анықтағаннан кейін визасыз кіру бағдарламасын қайта қарауды тапсырды. Осыған байланысты сыртқы істер министрлігіне, ішкі істер министрлігіне және туризм және спорт министрлігіне бағдарламаның салдарын зерттеп, елде болу мерзімін қайта қарау тапсырылды. Мақсат – бағдарламаны туризмді дамыту мақсатына жақсырақ сәйкестендіру", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 93 ел мен аумақтың азаматтары туризм немесе шұғыл жұмыс сапары үшін Таиландқа визасыз кіріп, 60 күнге дейін бола алады және мерзімді тағы 30 күнге ұзартуға мүмкіндік бар.

评论