Биыл соңғы қоңырау қай күні соғылатыны белгілі болды

1198
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/soңғy-қoңyrau-960x500.jpeg?token=7e952092bc67733407b7565c97fef8c0
Биылғы оқу жылының соңғы қоңырауы 23 немесе 24 мамыр күні соғылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.  «Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі», – делінген баспасөз хабарламасында. Барлық мектептер үшін соңғы оқу күні ретінде 23 мамыр бекітілген. Бұл күні ел мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Ашық сабақ барысында оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады. «Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған», – деп хабарлайды министрлік. Министрлік мәліметінше, 34 аптаға созылатын оқу жылын бүкіл ел бойынша биыл 3,9 млн астам оқушы аяқтайды. Ал мектепті аяқтайтын түлек саны 217 мың. Осы орайда министрлік мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыруға, ақша жинауға, автокөлікпен шеруге шығуға және басқа да мерекелеу шараларын ұйымдастыруға жол берілмейтінін ескертеді.
评论
其他材料