Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды тағы да күшейтті

1077
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9300-960x500.jpeg?token=a887fa6b75885da8d5b1901075785281
Ұлыбритания Ресейге қарсы санкция тізімін тағы кеңейтті. Жаңа шаралар Ресейдің әскери машинасын, энергия тасымалдау экспортын және ақпараттық соғысты қолдайтын ұйымдарға бағытталған. Бұл туралы 20 мамырда елдің сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Санкциялар Еуропалық Одақтың Ресейге қарсы 17-ші санкциялар пакетін жариялау қарсаңында енгізіліп отыр. Министрліктің мәліметінше, тізімге «жалған ақпарат беру науқандарын жүргізген» әлеуметтік жобалау агенттігінің тағы 14 қызметкері кірген. Бұл жолы Ұлыбритания 18 кеме иесіне де шектеу енгізген. Одан бөлек, тізімде бірқатар қаржы ұйымдары, соның ішінде Санкт-Петербург валюта биржасы мен Ресейдің мемлекеттік Депозиттерді сақтандыру агенттігі бар. Сондай-ақ Ұлыбритания халықаралық серіктестермен Ресей мұнайының шекті бағасын барреліне 60 долларға төмендетуді көздеп отыр. Айта кетейік, санкцияға іліккендердің Ұлыбритания аумағындағы барлық қаржы активтері бұғатталады. Ұлыбритания азаматтары мен компанияларына бұл тұлғаларға қандай да бір қаржылық қызмет көрсетуге, олардың мүлкімен жұмыс істеуге немесе сенімгерлік қызметтер көрсетуге тыйым салынады.
评论