«Тазының өлімі» фильмі. Сценаристер Мағауиннің туындысына қызығушылық танытпаған

1067
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/1-1-960x500.jpg?token=664529a966a0170bb0f6f15bd92a2333

Белгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» повесінің желісі бойынша фильм түсіруге сценаристер тарапынан бірде-бір өтінім түспеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі «ҚазАқпарат» сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сенат депутаты Бибігүл Жексенбайдың ұсынысы негізінде Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» шығармасы желісімен фильм түсіру үшін қолайлы сценарийлерді іріктеу жұмыстары барысында тиісті сценарий келіп түспегендігін хабарлаймыз. Бұдан бөлек, министрлік 2026 жылғы басым тақырыптардың қатарына «Ұлттық құндылық. Тазы» тақырыбын қосу мүмкіндігін қарастырады»,—деді министрлік.

Ал биылға бекітілген басым тақырыптар мынандай:

- Ойын фильмдері секциясы - «Қоршаған орта, табиғатты қорғау», «Отан, туған жерге деген сүйіспеншілік», «Тарих пен тағылым», «Қазақ ертегілері мен эпостары», «Балаларға арналған фильмдер», «Ауыл тіршілігі»;

- Анимациялық фильмдер секциясы – «Ұлттық құндылықтар», «Туған жердің көркем табиғаты», «Ата-анаға құрмет», «Адал азамат»;

- Деректі, оның ішінде хроникалық фильмдер секциясы – «Ел бірлігі», «Тарихтағы елеулі оқиғалар», «Ғылыми жетістік».

Еске салайық, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов «Тазының өлімі» повесінің желісі бойынша фильм түсірілетінін айтқан еді.

评论
其他材料