Ертең еліміздің барлық өңірінде сирена ойнайды

1154
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9317-960x500.jpeg?token=b81af97c852ef9810444904e089f8591

22-23 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл іс-шара басқару органдарының, азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйесі күштері мен құралдарының табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару республикалық штабы Павлодар облысында орналасатын болады.

Трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіруге ден қоюды пысықтау үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары тартылатын болады.

"Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 22 мамырда сағат 9.00-де «Баршаның назарына!» еліміздің түкпір-түкпірінде барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеуіңізді сұраймыз", - деп ескертті ТЖМ.

评论
其他材料