Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 23-ракеткасы саналатын бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен күш сынасты. Үш сетке созылған тартысты кездесуде қазақстандық теннисші 7:6, 1:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, шешуші үшінші сетте Рыбакина 0:2 есебімен ұтылып жатқанымен, қатарынан алты гейм ұтып, матчты өз пайдасына аяқтады. Бұл оның биылғы маусымдағы алғашқы финалы болады.
其他材料

Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз