Теннисші Рыбакина Страсбург турнирінің финалына жолдама алды

1655
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/1647412418-960x500.png?token=78ddd9bda0a5f1c93a1e2246631f65df
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 23-ракеткасы саналатын бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен күш сынасты. Үш сетке созылған тартысты кездесуде қазақстандық теннисші 7:6, 1:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, шешуші үшінші сетте Рыбакина 0:2 есебімен ұтылып жатқанымен, қатарынан алты гейм ұтып, матчты өз пайдасына аяқтады. Бұл оның биылғы маусымдағы алғашқы финалы болады.
Comments