ШҚО аумағында жер сілкінісі тіркелді

927
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
Шығыс Қазақстан аймағында жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  25 мамыр күні сағат 07:40-та ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпараттар ғылыми орталығы» Шығыс Қазақстан аумағында жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат таратты. Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 шақырым жерде орналасқан. ТЖМ мәліметінше, дүмпу қарқыны келесі деңгейде сезілген: Өскемен – 2 балл; Қатонқарағай – 2 балл. "Қирандылар мен зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада. Айта кетейік, 23 мамырда жер сілкінісі Талдықорғанда да тіркелген еді.
评论
其他材料