Қытай алғаш рет көпреттік зымыранды сынақтан өткізді

1400
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9636-960x500.jpeg?token=53e30fe62c156756c2a6f63b6f83f3ec

Қытайдың «Space Epoch» жекеменшік компаниясы Дунфан ғарыш айлағында «Юаньсинчжэ-1» көпреттік зымыранын сынақтан өткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Зымыран 2,5 шақырым биіктікке көтеріліп, ұшқаннан 125 секунд өткен соң су бетіне сәтті қонған. Ғарыштық аппарат жұқа қабырғалы тот баспайтын болаттан жасалған.

Компанияның мәліметінше, алдағы уақытта  «Юаньсинчжэ-1» көпреттік зымыранын ғарышқа ұшыру жоспарланып отыр.

Еске салайық, 28 мамыр күні Илон Масктың SpaceX компаниясы «Starship»ғарыш кемесін тоғызыншы мәрте сынақтан өткізу кезінде сәтсіздікке ұшыраған еді.

评论
其他材料