Қытайдың «Space Epoch» жекеменшік компаниясы Дунфан ғарыш айлағында «Юаньсинчжэ-1» көпреттік зымыранын сынақтан өткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Зымыран 2,5 шақырым биіктікке көтеріліп, ұшқаннан 125 секунд өткен соң су бетіне сәтті қонған. Ғарыштық аппарат жұқа қабырғалы тот баспайтын болаттан жасалған.
Компанияның мәліметінше, алдағы уақытта «Юаньсинчжэ-1» көпреттік зымыранын ғарышқа ұшыру жоспарланып отыр.
Еске салайық, 28 мамыр күні Илон Масктың SpaceX компаниясы «Starship»ғарыш кемесін тоғызыншы мәрте сынақтан өткізу кезінде сәтсіздікке ұшыраған еді.