Біз зұлмат жылдардың құрбандарын ешқашан ұмытпаймыз – Президент

1029
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/5319095565218346384-960x500.jpg?token=5eac4c08bfd5b3b74733ccfafccb18ac
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Мемлекет басшысы үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай мәлімдеме жасап, тарихи әділетсіздіктен зардап шеккендердің рухына тағзым етті. "Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған жандардың рухына тағзым етеміз", – деді Президент. Ол өткен ғасырдың ең қайғылы кезеңдерінің бірі – күштеп ұжымдастыру науқаны мен ашаршылық жылдары
相关新闻

туралы айта келе, қазақ халқының сол уақытта ауыр қасіретке душар болғанын еске салды. «Жұртымыз алапат аштықтан қынадай қырылды, көп адам жан сауғалап, шетел асып кетуге мәжбүр болды. Сталиндік репрессия кезінде ұлтымыздың зиялылары, көзі ашық азаматтар жаппай қудаланды. Мыңдаған адам халық жауы атанып, сотсыз атылды», – деді Мемлекет басшысы. Президент бұл зұлмат жылдары ұлт көшбасшылары мен мәдениет, білім саласының ірі өкілдері – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров секілді ұлтымыздың ардақты тұлғаларынан айырылғанымызды атап өтті.
评论
相关新闻
其他材料