Атыраудан Бакуге алғашқы рейс. Әзербайжан Қазақстаннан барған ұшақты салтанатпен қарсы алды

1114
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/ae8c6f6e-1120-4b48-b795-ff4accdcc421-960x500.jpeg?token=a3fcea8c7a91c513345bcc3ac99abbfa

31 мамыр күні Атыраудан Бакуге алғаш рет ұшып келген Қазақстанның Air Astana әуе компаниясының рейсін Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы жексенбі күні Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқы жолаушыларды Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел, Air Astana өкілдері және Баку әуежайының басшылығы домбыра үнімен және қазақтың ұлттық тағамдарымен қарсы алды.

Елші өз сөзінде екі ел арасындағы байланыстардың тығыздығын көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі – әуе рейстерінің саны екенін атап өтті.

"Сондықтан біз рейстер санының артып, ұшу географиясының кеңейіп жатқанына қуаныштымыз. Биылғы жазда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы рейстер саны аптасына 34-ке жетеді. Сонымен қатар, рұқсат етілген рейстер саны 70-ке дейін артады. Яғни, өсу жалғасады. Қазір Бакуден Астана, Алматы және Ақтауға ұшақтар қатынайды. Бүгін оларға мұнай астанасы Атырау қосылды, ал шілде айында Қазақстанның үшінші мегаполисі – Шымкент қосылады", - деді дипломат.

Атырау – Баку бағытындағы рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері ұшатын болады. Ұшу уақыты 1 сағат 30 минутты құрайды.

评论