Ақтөбе облысында белгілі нефролог-дәрігер Абай Айсағалиев өлі табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Диапазонға» сілтеме жасап.
Дәрігер 23 мамыр күні жоғалып кеткен. Жұма күні оны іздеуге еріктілер да қосылған, ал сенбі күні оның кісі қолынан көз жұмғаны белгілі болды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір күдікті ұсталып, қамауға алынған.
«Ақтөбе қаласында бұрын хабар-ошарсыз кеткен 1956 жылы туған ер адамды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу мүддесі үшін басқа да мәліметтер жария етілмейді», - делінген хабарламада.