Қазақстанның төртінші ғарышкері қашан ұшады? Премьер-министр жауап берді

2321
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/img_5374-960x500.jpeg?token=fdc0ce15462e426cd74e265704d78635
Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының Қазақстанның төртінші ғарышкерін ұшыруға қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Үкімет басшысының айтуынша, қазақстандық ғарышкерлердің қатысуымен өтетін халықаралық ғарыш бағдарламалары тек ұлттық және халықаралық деңгейде орынды деп танылған жағдайда ғана жүзеге асырылады. “Басқарылатын бағдарламаларға қатысу қомақты қаржы шығындарын талап етеді. Оған тек ұшудың өзі ғана емес, ғарышкерді даярлау, ғылыми бағдарлама, логистика және ұшудан кейінгі қызмет көрсету кіреді”, – деді Бектенов. Ол бұл мәселе аса салмақты әрі прагматикалық шешімді қажет ететінін атап өтті. Егер жобаның өзектілігі мен негізділігі расталса, онда ұшу тиісті халықаралық міндеттемелерді сақтай отырып және елдің қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жүзеге асырылады. Айта кетейік, ғарышкер Айдын Айымбетов бұған дейін келесі қазақ ғарышкері қыз болуы мүмкін екенін айтқан еді. Оның пікірінше, Қазақстанның қыздары бұл салада ерлермен тең дәрежеде жұмыс істей алады.
评论