Тоқаев Назарбаев бекіткен жаңа әліпбиден олқылық тапты

2926
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/10/ttt-1.jpg
Мемлекет басшысы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты тапсырма берді деп хабарлайды Sputnik.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев латын графикасына негізделген жаңа қазақ тілі әліпбиін жетілдіруді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында жазды.
"Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек", - дейді президент.
Тоқаев осыған байланысты мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға тиісті тапсырма бергенін атап өтті. "Алдымызда ауқымды жұмыс тұр", - деп жазды ол. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпанында сол кездегі мемлекет басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекіткен болатын. Жарлықпен мына жерде танысуға болады.
 
评论