Бүгін елордамыздағы "Әлжан Ана" мешітінде садақа қабылдауға арналған QIWI электрондық терминалының тұсаукесері өтті. Адамдарды сауапты іске, ізгілікке шақыратын бұл іс-шараға ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз және мешіт имамдары арнайы келіп қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген министр осыдан екі ай бұрын республикалық имамдар форумы өткенін , сонда осы терминал мәселесі де көтерілгенін айтты.
"Алғашқы бастаманы осы "Әлжан-Ана" мешітінде іске асырып отырмыз. Мемлекет тарапынан біз ашықтық пен жақсылықты қолдаймыз. Бұл Діни басқарманың беделін арттырып, еліміздегі мұсылман қауым үшін ізгі іс екеніне сенемін және де қайырымдылық жасау мәселесін жаңа деңгейге көтеретініне мен сенімдімін. Сондықтан да әрқашан қолдаймыз. Бұндай терминал ірі қалаларда, аудандарда да мешіттерде орнатылатын болады - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Одан әрі министр Абаев электрондық терминалдардың бас шаһардағы барлық 12 мешітте орнатылғанын атап өтті.


"Адырна" ұлттық порталы
Фото авторы inform.kz