Қазақстандық үшінші файтер UFC-мен келісімшарт жасады

2933
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/photo_12002.jpg
Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4-0) әлемдегі ең танымал UFC (Ultimate Fighting Championship) промоушнімен келісімшартқа отырды. Бұл туралы  Vesti.kz хабарлайды. Бұл жайында "Спорт-Экспресске" берген сұхбатында қазақстандық файтер, жақында UFC-мен келісімшарт жасасқан Жалғас Жұмағұлов айтты. "Досым әрі клубтасым Сергей Морозов бар. UFC-мен келісімшарт жасасып қойды деуге де болады. Екеуіміздің дебютіміз бір күнде болатын шығар", - деді Жұмағұлов. Морозов - жеңіл салмақта M1 Challenge чемпионы. Соңғы жекпе-жегін 19 қазанда Нұр-Сұлтанда өткізген. M-1 Challenge105 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Джош Реттингхаустан ревнаш алып, титулын қорғап қалған еді. Осылайша, Сергей Морозов UFC-дегі үшінші қазақстандық атанбақ. Бұған дейін промоушнмен Жалғас Жұмағұлов және Шавкат Рахмонов келісімшарт жасасқан болатын.
评论