Ресейде бір тәулікте 11 адам коронавирус жұқтырған

2769
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/koronror-960x500.jpg?token=db4b7692c316faf79c2a9fb947f69e31
Ресейде коронавирус инфекциясының таралуымен күрес бойынша жедел штабы бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 11 дерегі анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі. "Соңғы тәулікте Ресейде Федерация азаматтарының коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 дерегі тіркелді: бесеуі - Мәскеуде, біреуі - Мәскеу облысында, үшеуі - Санкт-Петербургте, біреуі - Ленинград облысында, біреуі - Пермь өлкесінде", - делінген хабарламада. ДДҰ 11 наурызда әлемдегі жаңа коронавирустың пандемиясын жариялады. ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті 12 наурызда елімізде індеттің шыңы жүріп өткенін жариялады. Қазіргі уақытта Қытайда 3189 адам сырқаттанып, 65,5 мыңнан астам пациент сауығып кеткен. Қазақстанда бүгінгі күні коронавирусты жұқтырудың төрт оқиғасы расталды.
评论
其他材料