ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАНЫ ЗАҢСЫЗ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

2359
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/pdu3xzvo-800x445-1.jpg
Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатсыз сатқандарға шара қолданылуда. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, 8 заңсыз медициналық тауарларды сату фактісін анықтады. Нақты айтсақ, 32 мың дана бетперде, 1 730 литр антисептикалық заттар жалпы сомасы 8 млн. 225 мың теңгеге және 20 мың дана медициналық қолғаптар жалпы сомасы 740 мың теңгеге саудаланған. Аталған деректер бойынша, ҚР ӘҚбК 463 бабына сәйкес, 6 әкімшілік хаттама толтырлып, сот органдарында қаралуда. 1 іс-құжат ҚР ӘҚбК 424 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көру үшін, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілтін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған. Бұдан басқа, 1 іс-құжат бойынша әкімшілік жауапкершілік қаралуда.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

评论
其他材料