Шымкент: Тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф төмендетілді

2760
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/shymқala-1-960x500.jpg?token=730a29d3f9be7ca36a7920556606bb18
Шымкент қаласында «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-ның тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф төмендетілді. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-ның тауарлық газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметінің тарифі төмендетілді. Аталған шара бекітілген тарифтердің қолдану мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес іске асырылды. Тариф 1000 м3 1286,88 теңгеден 920,42 теңгеге немесе 28,5% төмендетіліп, 2020 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Шымкент

评论
其他材料